«Қостанай облысының дзюдо федерациясы»
қоғамдық бірлестігі


Select your language

Ағымдағы жылдың 7-10 наурыз аралығында Семей қаласында 21 жасқа дейінгі жасөспірім ер балалар мен жасөспірім қыз балалар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтті.

Марат Жундубаев
Президент ОО «Костанайская областная «Федерация дзюдо»

Үздік шеберлер атағы үшін еліміздің 20 өңірінен келген спортшылар күресті.

Қостанай облысының дзюдошылары екі медаль жеңіп алды: Ерғалиева Самалай Қостанай қ. МЖМБСМ өкілі 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды (жаттықтырушы Плетнев А.С.) және Арқалық қ. БЖСМ өкілі Каблан Нұрсұлтан +100 салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды (жаттықтырушы Карпыков Д. С.). Сондай-ақ, біздің чемпиондар 24-26 наурызда Португалияда өтетін 21 жасқа дейінгі жасөспірім ер балалар мен жасөспірім қыз балалар арасындағы Еуропа Кубогына қатысады.

Сонымен қатар, «бетпе бет» командалық күресте Қостанай облысының құрамасы үшінші орынға ие болды.
Қостанай облысы дзюдо федерациясының президенті ретінде жеңімпаздарды жүлделі орындармен және жалпы командалық есепте қола жүлдегер атанған Қостанай облысының дзюдо құрамасын шын жүректен құттықтаймын.