Қостанай дзюдошылары үшін жарқын сәттерге толы кезекті жыл мәреге жетті. Мен барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, төрешілерді, ардагерлерді және дзюдо жанкүйерлеріне алғысымды айта отырып, Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Соңғы жылдары дзюдомен шұғылданатындардың саны артты, спорттық-материалдық база нығаюда, осының барлығы біздің жалпы жұмысымыздың жемісі. Біз өткен жылға қойған барлық міндеттерді абыроймен атқарып, жылды жемісті аяқтап отырмыз.
Біз жақсы әсерлер мен әртүрлі турнирлерге толы жылды бастан өткіздік, жасөспірімдер Олимпиялық ойындарында Гриценко Маргарита күміске көмкерілген табысына және республикалық және халықаралық ареналарда біздің спортшылардың жарқын жетістіктеріне риза болдық, сондай-ақ барлық спортқа немқұрайлы қарамайтындар тарапынан үлкен қызығушылық пен шаттықты сездік.
Келесі жылы да керемет және дана спорт түрін одан әрі дамыту мен көпшілікке тарату үшін барынша күш жұмсайтынымызға сенімдімін.
Алдағы жыл табысты болсын, ал сіздердің әрбір бастамаларыңыз оң жетістіктер әкелсін!
М. Жүндібаев