«Қостанай облысының дзюдо федерациясы»
қоғамдық бірлестігі


Select your language

Чепионаттың алғашқы күні бірінші «алтынды» Қостанай облысы құрамасының қоржынына Рудный қаласының спортшысы Жансая Ерқуанышова әкелді, финалда 44 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысының спортшысы Самал Мәлікқызы жеңіске жетті.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов екінші жарыс күнінде чемпионатқа барып, екінші рет жеңіске жеткен Рудный қаласының өкілі Дина Балунның және Қарағанды облысының өкілі Гүлназ Зекеннің шешуші жекпе-жегіндегі жеңісіне куә болды.

Жас дзюдошыларды марапаттау рәсімінен кейін Архимед Бегежанұлы дзюдодың танымалдылығы республикада да, біздің өңірде де өсіп келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол соңғы уақытта облыста көптеген спорт ғимараттары салынатынын, бұл біздің республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.


Фотогалерея