Қостанайда 2003-2004 ж. т. жасөспірімдер мен қыздар арасында дзюдо күресі бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Жарыста Қостанай облысының құрама командасы табысты өнер көрсетті, олар үшін бұл өз өңірлерінде өткен ҚР тарихында бірінші чемпионат болды.
Қостанай дзюдошылары Жамбыл және Алматы облыстарына жол беріп, медальдық есепте үшінші орынды иеленді. Рудныйдан келген Жансая Ерқуанышева және Арқалық қаласынан келген Дина Балун мен Нұрсұлтан Қаблан үш алтын медальға ие болды.
Күміс медальды Бейімбет Майлин ауданының спортшысы - Самалай Ерғалиева, ал қоланы- рудныйлық Александр Бакаев иеленді.
Аралас командалық жарыстарда бірінші орын да Қостанай облысында.