Елге сыйлы, Бейімбет Майлин ауданының жаста болса өз ісінің білікті маманы Бинат Акифұлы дүниеден өткені көпшіліктің қабырғасын қайыстырды.

Тағдырдың жазғанына амал бар ма.
Тобыл кентінде дзюдо күресіне жас спортшыларды баулып, тәлім-тәрбие беріп, үлкенге інілік ақ-көңілдігімен, кішіге ағалық қамқорлығымен көпшіліктің ықыласына бөленген көркем мінезді, қадірлі жан болғанын бәріміз білеміз. Болашағынан зор үміт күттірген талантты да дарынды бапкерлердің бірі еді.
Бинат Акифұлының өмірден өтуіне байланысты  отбасына, туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы жолдас болсын!

Қостанай облысы дзюдо күрес федерациясының президенті Жүндібаев Марат Қонысбайұлы.