Астанада ағымдағы жылдың 13-18 ақпан аралығында 2006-2008 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.
Қостанай облысының дзюдошылары екі медаль жеңіп алды: Орынбаев Еркебұлан Рудный қаласының БЖСМ өкілі 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3 орын алды (жаттықтырушы Ибрашев Б.В.). Қостанай қаласының БЖСМ өкілі Балғабай Досбол 81 келіге дейін ең мықты дзюдошы атағын жеңіп алып чемпион атанды. (жаттықтырушы А. С. Плетнев).
Марат Жундубаев
Президент ОО «Костанайская областная «Федерация дзюдо»
"Біздің республикамызда әрбір азамат өзінің дене бітімін жетілдіруге қамқорлық жасауы, спортшылар халықаралық спорт форумдарында республиканың атынан лайықты өнер көрсетуі үшін спортпен шұғылдануға мүмкіндік алуы үшін көп жұмыс атқарылуда. Бұл жаттықтырушылардың үлкен еңбегі. Олардың игі еңбегі Қазақстанның спорттық шежіресіне жаңа жарқын беттерді енгізетіні сөзсіз, біздің спортшыларымыздың дене шынықтыруына жан-жақты ықпал етеді. Қостанай облысы дзюдо федерациясының президенті ретінде жеңімпаздарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймын."