«Қостанай облысының дзюдо федерациясы»
қоғамдық бірлестігі


Select your language

2-5 наурыз аралығында Атырау қаласында жастар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

Атырау татамиінде 400-ден аса жас спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Жекелей және командалық Чемпионатқа 1999-2000 жылы туған жастар қатысады. Ел біріншілігінің нәтижесінде халықаралық турнирлер мен Азия, Әлем Чемпионаттарында ел намысын қорғайтын Қазақстан жастар құрамасы жасақталады. Жарыс Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді. 

Жарыс бағдарламасы:

2 наурыз

10:00 – жарыстың басталуы
16:00 –жарыстың ресми ашылуы салтанады
16:30 – финалдық кезең
Ұлдар: -55 кг, -60 кг
Қыздар: - 44 кг, -48 кг, -52 кг

3 наурыз

10:00 – жарыстың басталуы
16:00 – финалдық кезең
Ұлдар: -66 кг, -73 кг, -81 кг
Қыздар: - 57 кг, -63 кг, -70 кг

4 наурыз

10:00 – жарыстың басталуы
16:00 – финалдық кезең
Ұлдар: -90 кг, -100 кг, +100 кг
Қыздар: - 78 кг, +78 кг

5 наурыз

Қазақстан Республикасының аралас командалық Чемпионаты
10:00 – жарыстың басталуы
Ұлдар: -60 кг, -73 кг, -90 кг, +90 кг
Қыздар: -48 кг, -57 кг, -70 кг, +70 кг

Қостанай облысының дзюдошыларына сәттілік тілейміз!